Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қала әкімінің Ақсу қаласы тұрғындарымен 2017 жылы есеп беру кездесулерін өткізу барысында түскен азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ақпаратты

 

«Айнакөл ауылына кіреберіс жолда көше жарықтандыруын ұйымдастыру туралы».

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда Алғабас селолық округі Айнакөл ауылының кіреберіс жолындағы көше жарықтандыруына ағымдағы жөндеу өткізілді.

«Путь-Ильича ауылында Даңқ ескерткішін жөндеу бойынша».

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда М. Омаров атындағы селолық округі Путь-Ильича ауылында Даңқ ескерткішін жөндеу жұмысы толық көлемде аяқталды.

«Путь-Ильича ауылын сумен жабдықтау мәселесі бойынша».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді. Құрылыстың басталуы – 2018 жыл.

«Үштерек ауылында балабақшаны салу бойынша».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді. Құрылыстың басталуы – 2019 жыл.

«Қаланың бұрынғы хоккей кортының ауданында жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша».

«TABYS POWER CONTRACTION» ЖШС мердігер ұйымымен бұрынғы хоккей кортының аумағын абаттандыру жұмысы өткізілді.  “Галиев” ЖК мердігер ұйымымен жаяу жүргіншілер жолын асфальттау жұмысы өткізілді. Ағаштардың санитарлық кесуі өткізілді.

«Ақсу кенті Чапаев көшесіне шұңқыр жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша».

“Галиев” ЖК мердігер ұйымымен 2017 жылғы тамызда Ақсу кенті Чапаев көшесінеағымдағы жөндеу өткізілді.

«Дөнентаев көшесі 32, Қамзин көшесі 5, Қамзин көшесі 7 үйлерінің аулаларын абаттандыру бойынша».

«Бонус Строй» ЖШС мердігер ұйымымен көлік жүретін жолды асфальттау, автомобиль тұрақтарын орналастыру, шағын сәулеттік нысандарды (орындықтарды, қоқыс жәшіктерді, балалар ойын нысандарын) қою жұмыстары өткізілді.

«Беловка кентінде балалар алаңын орналастыру бойынша».

Павлодар облысы әкімдігі және «ERG S.a.r.l.»  арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның шеңберінде Ақсу қаласының және Беловка кентіндегі бастауыш мектептің аумағында жаттығу спорт кешендерінің және воркаут-алаңдарының 20 жиынтығы 65,5 млн.теңге сомаға орнатылды.

«Қаланың Астана көшесі 30-20 температуралық режимді сақтау бойынша».

2017-2018 жаңа жылу беру маусымына дайындық кезінде  «Романтик-1» ПИК қызмет көрсететін ұйымы пәтер иесінің өтініші бойынша № 20 пәтердің жылу жүйесіне жуу мен нығыздау өткізді.

«Бұрынғы хоккей кортының аумағын абаттандыру бойынша».

«TABYS POWER CONTRACTION» ЖШС мердігер ұйымы бұрынғы хоккей кортының аумағын абаттандыру жұмысын өткізді.  “Галиев” ЖК мердігер ұйымымен жаяу жүргіншілер жолын асфальттау жұмысын өткізді. Ағаштардың санитарлық кесуі өткізілді.

«М.Омаров ауылында Мәдени-бос уақыт орталығын ашу бойынша»

  Бүгінгі күні Мәдени-бос уақыт орталығы М. Омаров атындағы селолық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан, жалпы алаңы – 189 шаршы метр, 70 отыратын орын бар. Ауылдық Мәдени-бос уақыт орталығының одан әрі жұмыс істеуі үшін мынадай ұсыныстар енгіземіз:

осы округ әкімі аппаратының ғимараты босаған кезде, ғимараттың бірінші қабатында хореографиялық, грим жасау, костюм ілу кабинеттері қосымша орналастырылатын болады, сонымен қатар фойеде дискотека өткізуге арналған зал болады.

    Қазіргі уақытта селолық округі әкімінің аппараты әкімдікті орналастыру үшін ғимарат сатып алу мәселесін қарастыруда, ағымдағы жылғы қыркүйекте ғимаратты сатып алуға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 29.09


2017-09-29 11:55:11

Сондай-ақ оқыңыз