Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қала әкімінің қаланың және қала ауыл аймақтарының тұрғындары алдында 2017 2 тоқсандағы жылы есеп беру кездесуін өткізу барысында түскен азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі ақпарат .

Қала әкімінің Ақсу қаласы тұрғындарымен 2017 жылы есеп беру кездесуін өткізу барысында түскен азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

 

“Достық ауылының Линия 1-көшесіндегі КТП және электр желілеріне жөндеу жүргізу бойынша”

2017 жылғы 2 мамырда Достық ауылында КТП және электр желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 3,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлуге бюджеттік өтінім қаланың бюджеттік комиссиясында қарастыруға жіберілді.

“Достық селолық округі ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу бойынша”

2017 жылғы 2 мамырда селолық округтің ішкі жолдарына жөндеу жүргізу үшін 109,64 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінім қаланың бюджеттік комиссиясында қарастыруға жіберілді.

“Достық ауылында пошта байланысы бөлімшесін ашу жөнінде”

2017 жылғы 23 мамырда Достық селолық округі әкімінің аппаратымен   “Казпочта” АҚ ПОФ селолық округ әкімдігінің ғимаратында пошта байланысы бөлімшесін ашу мәселесін қарастыру жөнінде хат жолданды (бос тұрған үй-жай бар).

“Қалқаман ауылында аулаішілік жолдарды жөндеу жүргізу бойынша”

Қалқаман ауылындағы Ленин көшесін ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 24,0 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта “Дорстрой” ЖШС Ленин көшесі бойындағы жолдарға жөндеу жүргізіліп жатыр.

2017 жылғы мамырда құрылыс басқармасына аулаішілік жолдарға жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлу жөнінде бюджеттік тапсырыс жіберілді (Кутузов көшесі – 900 м3,
21 млн. 6 мың теңге; 45 лет Октября көшесі  – 900 м3, 21 млн. 6 мың теңге;
Советская көшесі – 1100 м3, 24 млн. 921 мың теңге; Степная көшесі  – 800 м3,
11 млн. 624 мың теңге).

“Алғабас ауылының тұрғыны Б. Сейтенге бизнес ашу үшін несие алуға көмек көрсету туралы”.

Азаматша Б. Сейтенге шағын несие алу үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Б. Сейтен Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының шағын және орта бизнеспен өзара қарым-қатынас жөніндегі бөлім басшысымен өткізілген кездесуге қатысты, онда шағын несие алу мәселесі жөнінде жеке кеңес алды.

Сонымен қатар, Алғабас селолық округінде кәсіпкерлік мәселесін түсіндіру жөнінде орнына шығып өткізілген кездесуге қатысты, кеңес алып және шағын несие алу өтінімін рәсімдеу үшін Ақсу қаласының жұмыспен қамту орталығына жіберілді. Бүгінгі күні Б. Сейтеннен шағын несиені рәсімдеу үшін өтінім түскен жоқ.

“Алғабас ауылындағы Бейбітшілік көшесі бойында көше жарығының болмауы туралы”

         Ағымдағы жылғы мамыр айында Алғабас ауылында көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бейбітшілік көшесі бойында көше жарықтарының шамдары ауыстырылды. Көшені жарықтандыру қалпына келтірілді.

“Царев көшесі, 12-де ауланы асфальттау бойынша”

Царев көшесі, 12-де ауланы абаттандыру жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалды, жобаны жүзеге асыру құны 7 988 468 теңгені құрайды. Жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

“Қамзин көшесі, 59-63-те ағаштарды кесу бойынша”

Ағымдағы жылғы сәуір айында «Корпорация Нұр Мұрат» ЖШС мердігерлік ұйымымен ағаштарды санитарлық кесу бойынша жұмыстар жүргізілді.

“Қамзин көшесі 27, 59, 63 үйлердің аулаларында қаланың коммуналдық қызметімен жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жол төсемдерін қалпына келтіру бойынша”

Ағымдағы жылғы сәуір айында Қамзин көшесі 27, 59, 63 үйлердің аулаларында қаланың коммуналдық қызметімен жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін аулаға қиыршықтас төселді.

 

“Әуезов көшесі, 83 үйдің аумағындағы апатты жағдай тудыратын ағаштарды кесу бойынша”

Ағымдағы жылғы сәуір айында «Корпорация Нұр Мұрат» ЖШС мердігерлік ұйымымен ағаштарды санитарлық кесу бойынша жұмыстар жүргізілді.

“Қамзин көшесі, 20 үйдің аумағындағы (4-ші подъезд) ағашты кесу бойынша”

Ағымдағы жылғы сәуір айында «Корпорация Нұр Мұрат» ЖШС мердігерлік ұйымымен ағаштарды санитарлық кесу бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Ақжол ауылының мәдени-бос уақыт орталығы үшін музыкалық аппаратура және компьютер сатып алу бойынша»

Ағымдағы жылғы ақпан айында қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Мәдениет мекемелерінің мәдени-бос уақыт қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2017 жылға арналған қаржы қаражатының қажеттілігі бойынша өтінім берілген болатын, соның ішінде Ақжол ауылының мәдени-бос уақыт орталығы үшін музыкалық аппаратура және компьютер сатып алуға жалпы сомасы 848,0 мың теңге (музыкалық аппаратура 658,0 мың теңге, компьютер техникасы 190,0 мың теңге). Өтінімді қарастыру кейінге қалдырылды.

Ағымдағы жылғы сәуір айында осы мақсат үшін ақшалай қаражат бөлу туралы қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді. Қалалық бюджетті нақтылау бойынша кезекті отырыста қарастыру кезінде ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша қалалық бюджетті нақтылау жөніндегі келесі отырысқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

 

 

 

2017 ж 28.07


2017-07-01 18:20:00

Сондай-ақ оқыңыз