Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімінің аппараты

 

 умарханов

Умарханов Берік Серикұлы 

Ақсу қаласы әкімінің  орынбасары

 Функционалдық міндеттері:

               

Жүктелген міндеттерді орындау үшін әкім орынбасарының мыналарға: 

 

өңір экономикасын жедел басқаруды жүзеге асырады;

қаржы саласы мәселелерін жүргізу, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, нысаналы бағдарламаларын, қала мен ауыл өңірінің стратегиялық жоспарлау және экономикалық даму басымдықтар жоспарларын әзірлеу мәселелерін жүргізу;

 

қала және облыс әкімінің арасында бекітілген Меморандум индикаторларын және жобалық офис жұмысын іске асыру;

 

селолық округтерде төртінші деңгейлі бюджетті енгізу бойынша үйлеструді жүзеге асыру;

 

салық салу жөніндегі мәселелерді қадағалайды;

 

тарифтік саясаттың мәселелерін қарастыру;

 

коммуналдық меншік мәселелерін жүргізу тұрғын үй сұрақтарын үйлестіруді қамтамасыз ету;

тұрғын үй-коммуналдық саласы мәселелерін жүргізу, инженерлік, көліктік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, өндірістік сала, отын-энергетикалық кешен, автомобиль жолдарын және коммуникацияны қайта жаңғырту, энергетика, көлік, жылу-сумен жабдықтау кәсіпорындарының жұмыстары мәселелері.

 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында салалық бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

 

қаланың ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімімен әрекеттесу;

  

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны дамыту мәселелерін қадағалайды;

 

прокуратура мен қалалық сотпен әрекет ету;

 

аумақтық мемлекеттік органдармен (мемлекеттік кірістер басқармасы, қазыналық басқармасы, статистика басқармасы, МЗТО «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация») әрекеттесу;

 

қалалық бюджет түсімдеріне талдауды және оны жұмсауға бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру; пошта байланысы; банк қызметі мәселелерін ұйымдастыр;

 

құзіреті бойынша қаланың өнеркәсіп және өндірістік кәсіпорындарымен, мемлекеттік заңды тұлғалармен, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалармен өзара іс-әрекет жасайды.

 

қадағалайтын бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселелерін үйлестіру.

 

Төмендегі мемлекеттік мекемелердің қызметін қадағалайды:

  “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі”,

  “Ақсу қаласының қаржы бөлімі”,

  “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”,

  “Ақсу қаласының құрылыс бөлімі”.

 

Азаматтарды қабылдау:

әр аптаның сәрсенбісі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–07–23

 

__________________________________________________________________________________________________________________________

Ақсу қаласы әкімінің  орынбасары 

Қонақбаев Мақсат Дәулетұлы

DSCN0185    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Функционалдық міндеттері:  

Қала әкімі орынбасарының негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар болып табылады:

 

өңірдің ауыл шаруашылығын және аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту, Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері;

 

жер қатынастары мәселелерін үйлестіру, қалалық жер комиссияның төрағасы болып табылады;

 

ветеринария саласының мәселелерін үйлестіру;

 

қорғаныс және жұмылдыру сипатындағы мәселені қадағалайды, коммуналдық сала объектілерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.

 

аумақтық мемлекеттік органдармен (ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы) әрекеттесу;

 

Қадағалайтын бөлімдермен және селолық округтер әкімдері аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселелерін үйлестіру;

 

шағын бизнес және кәсіпкерлікті, туризмді дамыту мен қолдауды, бәсекелестікті және баға саясатын қолдауды қадағалайды.

 

Төмендегі мемлекеттік мекемелердің қызметіне бақылау жасайды:

 “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі”,

 “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі”,

 “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі”, 

 “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі”,

 “Ақсу қаласының сәулет және қала салу бөлімі”,

 “Ауылдық округінің әкімдері”,

 

  

Азаматтарды қабылдау:

әр аптаның жұмасы сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–02–08

_______________________________________________________________________________________________________________________

 

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Қаппасов Балтабай Маданиұлы

фото Каппасов

 

Функционалдық міндеттері:

Әкім орынбасарының негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар болып табылады: 

халықты әлеуметтік қорғау, кедейлікпен және жұмыссыздықпен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес, денсаулықты сақтау, білім, ішкі саясат мәселелерін үйлестіреді. 

тіл және жастар саясатының мәселелерімен айналысады; қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, партиялармен және қозғалыстармен, шығармашылық одақтармен өзара әрекет жасауды жүзеге асырады.

салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, спортты дамыту бойынша практикалық жұмысты жүзеге асырады. 

отбасы, гендерлік саясат, жұмыспен қамту, мүгедектерді, ардагерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін, бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мәселелерін, көктемгі және күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша мәселелерді үйлестіреді.

кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау істері жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады.

бақыланатын мәселелер бойынша консультативтік-кеңес беру органдарының жұмысын жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде қызмет мәселелерін үйлестіреді, тиісті ведомствоаралық комиссияға жетекшілік жасайды.

қылмыстың алдын алу жөнінде, соның ішінде алдын алу субъектілерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру жөнінде бақылауды ұйымдастырады.

қаланың ірі кәсіпорындарымен Ақсу өңірінде өңірлік инвестициялық, индустриальдық-инновациялық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасайды.

құзіреті бойынша қаланың өнеркәсіп және өндірістік кәсіпорындарымен, мемлекеттік заңды тұлғалармен, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен, ішкі істер органының жергілікті полиция қызметімен, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалармен өзара іс-әрекет жасайды.

бірыңғай автоматтандырылған дерекқор базасымен жұмыс 

(«е-қызмет» ақпараттық жүйесімен);

мемлекеттік қызметшілерге қойылған моральдық-этикалық келбетінің негізгі талаптарын, сондай-ақ олардың базалық стандарттарын сақтау;

ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; 

жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау өткізеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де қызметтерді өкілеттігі шегінде жүзеге асырады.    

Төмендегі мемлекеттік мекемелердің қызметін қадағалайды:

  “Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі”,

  “Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”,

  “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”,

  “Ақсу қаласының білім бөлімі”,

  “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі”

  “Ақсу қаласының Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімі”. 

Азаматтарды қабылдау:

әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–05–64

 

__________________________________________________________________________________________________________________________

 

  Қала әкімі аппаратының басшысы 

Нұркенова Бибігүл Хамидоллақызы  

NBH  

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Функционалдық міндеттері:

Қала әкімімен мемлекеттік саясатты Ақсу өңірінің аумағында жүргізуді қамтамасыз етеді.

Аппараттың жұмысын ұйымдастыру, қала әкімі мен әкімдігінің жұмысын құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері. Қала әкімінің кадрлық саясатын үйлестіру.

Қала әкімдігі мен әкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету, әкіммен және әкімдікпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Қала әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қала әкімімен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлағалардан түскен өтініштерді есепке алу.

Қала әкімдігі мен әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының

орындалуына бақылау жүргізу жұмысын үйлестіру.

Қала әкімдігінің мәжілістерін дайындау, қала әкімінің қатысуымен басқа мәжілістерді және консультациялық-кеңес органдардың мәжілістерін дайындауды үйлестіру.

Құпиялық режімдерді сақтауды қамтамасыз ету, қала әкімімен тағайындалатын қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғаларды құпия құжаттарға рұқсат беруге материалдарды рәсімдеу.

Қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету, қала әкімдігінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала әкімінің жұртшылықпен байланысын дамыту.

Қала әкімі аппаратының қалалық мәслихатпен, қалалық сотпен, қала прокуратурасымен, Ақсу қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен өзара әрекет жасауын қамтамасыз ету.

Қала әкімі аппаратында бухгалтерлік есеп және есеп берушілікті жүргізуді ұйымдастыру.

Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін үйлестіру, осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекет жасау.

Азаматтарды қабылдау уақыты:

аптаның дүйсенбісі сағ 15-00-ден  18-00-ге дейін.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–03–24

 

__________________________________________________________________________________________________________________________

  Солтангазинова Жанна Талапкерқызы

Қала  әкімінің кеңесшісі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Функционалдық міндеттері:

 

3.1. қаржы саласы мәселелерін жүргізу, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, нысаналы бағдарламаларын, қала мен ауыл өңірінің стратегиялық жоспарлау және экономикалық даму басымдықтар жоспарларына мониторинг және талдау жүргізу;

 

3.2. қала және облыс әкімінің арасында бекітілген Меморандум индикаторларын және жобалық офис жұмысын іске асыру;

 

3.3. ауылдық округтерде төртінші деңгейлі бюджетті енгізу бойынша үйлеструді жүзеге асыру;

 

3.4. қала мен оның ауыл аймағының инвестициялық жобалары туралы ақпараттарды жинауды жүзеге асыру;

 

3.5. салық салу жөніндегі мәселелерді қадағалайды;

 

3.6. тарифтік саясаттың мәселелерін қарастыру;

 

3.7. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік жұмысын жүзеге асыруды үйлестіру;

 

3.8.  Мемлекеттік органдармен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерінің жұмысын үйлестіру;

 

3.9.     аумақтық мемлекеттік органдармен (мемлекеттік кірістер басқармасы, қазыналық басқармасы, статистика басқармасы) әрекеттесу;

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–01–72

 

 Нашарова Альмира Мухаметказитқызы 

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы

 -

 

 

 

 

 Функционалдық міндеттері: 

Бөлім мамандарының жұмысын үйлестіреді және олардың қызметіне басшылық жасайды; қала әкімі аппараты, әкімдік мәжілісі, бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді; бөлімге келіп түскен  азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарайды; қалалық мәслихаттың аппаратымен, әртүрлі партиялармен, қозғалыстармен, қоғамдық және  басқа ұйымдармен Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерін іске асыру мәселелері бойынша, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен сайлауды, референдумды өткізу мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі; Ақсу қаласына жоғары органдар басшылары келуінің жұмыс жоспарын құрастырады; әкімнің және қала әкімі аппаратының жұмысына жаңа ақпараттық технологиялар бойынша ұсыныстар әзірлейді және оны енгізеді, ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологиялар мәселелерінің қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламасын іске асырады; қала әкімі аппаратының компьютерлерінде ақпараттық қауіпсіздікке, компьютер техникасына және басқа ұйымдастыру техникасының жұмыс жағдайына, қала әкімі аппаратының электрондық құжаттарын дайындауға бақылауды жүзеге асырады; қала әкімдігінің WЕВ-сайтын жаңарту бойынша жұмыс, қала әкімінің қатысуымен аппараттық мәжілістерді техниканы пайдаланып жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 6–47–67

 

Котенбаева Гүлжан Арылканқызы 

Қала әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

Функционалдық міндеттері: 

   Тиісті құжат айналымын қамтамасыз етеді және құжаттардың өту үрдісін талдайды, жұмысты жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады.

  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді,  Ақсу қаласы әкімі аппаратына және жергілікті атқару органдарына түскен өтініштер, арыздар және шағымдарды белгіленген тәртіпте қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды бақылайды.  Қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркейді.

 Құжат айналымын ұтымды ұйымдастыруды енгізуді және қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс істеу сапасын арттыруды қамтамасыз етеді, жеке бөлімдерге, селолық округтер әкімдері аппараттарына әдістемелік көмек көрсетеді.

Қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің және қала әкімінің құқықтық актілерінің түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

 Қала әкімі аппаратының жиынтық іс номенклатурасын әзірлейді, істерді дұрыс қалыптастыруға, ресімдеу мен сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді.

  Белгіленген тәртіпте қала әкімі аппаратының құжаттарын оларды мемлекеттік сақтауға іріктеген кезде ғылыми және тәжірибелік құндылығына сараптаманы жүргізеді.

 Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілде құжаттармен жұмыс істеу сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

  Келісуге ұсынылатын құжаттардың орфографиялық және техникалық сараптамасын жүргізеді, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін және қала әкімінің құқықтық актілерін келісуді жүзеге асырады.

 Қала әкімдігінің мәжілісіне материалдарды дайындауға және қала әкімдігі мәжілістерінің хаттамаларын, стенограммаларын ресімдеуге бақылауды жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген бланкілердің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

  Облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық және әкімінің құқықтық актілерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құжаттарының, тапсырмаларының, қарарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

  қала әкімі аппаратының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны) үнемі жаңарту;

  бірыңғай автоматтандырылған дерекқор базасындағы жұмыс
(«е-қызмет» ақпараттық жүйе);

  мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылған негізгі талаптарды және олардың мінез-құлқының базалық стандартын сақтау;

  ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау;

  бөлімнің құзіреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде мәселелерді қарастырады;

  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–03–91

 

 

Киреев Сағи Тимофеиұлы   

Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы 

 

                    

 

Функционалдық міндеттері: 

Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңестерге, талқылауларға қатысу және ұсыныс енгізу; бөлімге жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімі аппаратының атынан сенімхат бойынша өкілдік болуға құқығы бар; шаруашылық шарттар, келісім-шарттар жасауға қатысуға, мемлекеттік органдарда қала әкімі аппаратын ұсыну құқығына сенімхат беруге, ресми құжаттарды жасауға.

 Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–09–97

 

 

 

Солтанов Серік Сабырұлы

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және 

жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің басшысы

 

 

Функционалдық міндеттері:

Ақсу өңірі аумағында қала әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; құпиялы іс қағаздарды жүргізу; қала объектілерінің Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар штабы бастығының қызметін бақылау және үйлестіру; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау; жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету; объектілердің техникалық жағдайын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; абаттандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; бөлімнің құзыретіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелерді қарастыру; қаланың мемлекеттік органдарынан, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпараттарды жинау, талдау, сұрау салуды жүзеге асыру; қала әкімі мен оның орынбасарларының бөлім қызметкерлеріне берген шешімдерді, өкімдерді, бұрыштамаларды, тапсырмаларды орындалуын бақылау; Бөлім қызметі мәселесі бойынша нормативтік жобалар мен құқықтық актілерді әзірлеу; бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өңірлік бағдарламалардың дайындалуын жүзеге асыруда қатысу; бөлім қызметі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдардың орналасуын қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін қорғау және ұсыну; бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды және бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген, құзыреті шегіндегі, басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 5–06–04

 

 

 

 

 Астаев Асқар Болатбекұлы

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

 

Функционалдық міндеттері: 

Бөлім мамандарының жұмысын үйлестіру және оның қызметіне басшылық жасау; қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілеріне заңдық сараптаманың жүзеге асырылуын бақылау; қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне нормативтік-құқықтық актілерді талдау; жергілікті атқарушы органдармен құрылған комиссияның жұмысына қатысу; құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу; консультациялық-кеңес беру органының жұмысына қатысу; прокурорлық әрекет, қаржы полициясының, ұлттық қауіпсіздік комитетінің актілерімен жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру; әкімдіктің, қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерін облыстың Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсыну; әкімдік пен қала әкімінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг (тізілім) жүргізу; талап-арыз жұмысын жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық және облыстық бағдарламалардың орындалуына бақылау жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты мәселелерді қарастыру. 

Байланыс телефоны: 8 (71837) 6–27–29

 

 

 

Аманжолова Маржан Уәлиханқызы 

Персоналды басқару бөлімінің басшысы

Функционалдық міндеттері: 

Бөлім мамандарының жұмысын үйлестіру және оның қызметіне басшылық жасау; қала және ауыл аймақтарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметті өткізу мәселесі жөнінде өзара әрекеті және қызметін үйлестіру; мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру.

 Байланыс телефоны: 8 (71837) 6-36-31


2016-06-09 10:26:42

Сондай-ақ оқыңыз