Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

“Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі

 Индексі: 140100 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Бауыржан-Момышұлы , 12 үй,

 ресми сайты : www.osh.aksu.pavlodar.gov.kz 

 

Ақсу қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі"

мемлекеттік мекемесі  Бөлім басшысы

Әділ Тұрсынбайұлы Құсаинов  Кусайнов1

1963 жылғы 25 шілдеде туған. Білімі – жоғары, 1990 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын ғылыми-агроном мамандығы бойынша аяқтады. 

      

 

 

 

 

 

 

 Еңбек жолын 1980 жылы Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында тракторшы болып бастады. 1981 жылдан 1985 жылға дейін – “Павлодарсельстрой-19” тресті, Май ауданы жылжымалы механизацияланған 1903-коланнаның 2 разрядты қалаушы, жұмыскері.  1990 жылдан 1998 жылға дейін – Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылында бригада агрономы, Белогорье ауылы “Шыған” өндірістік кооперативінің бас агрономы. 1998 жылдан 2000 жылға дейін – Павлодар облысы Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылында “Жидковская мельница” ЖШС атқарушы директоры.  2000 жылдан 2001 жылға дейін – Петропавловск қаласы “Гайша” ЖШС атқарушы директоры. 2002 жылдан 2005 жылға дейін – “Қашыр ауданының ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесінің бас маман – зоотехнигі, басқарма бастығының міндетін атқарды. 2005 жылдан 2006 жылға дейін – “Қашыр ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас маманы. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – “Қашыр ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік
бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы. 2008 жылдан 2011 жылға дейін – “Қашыр ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің аграрлық саясат секторының бастығы, кейін меңгерушісі болды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін - “Қашыр ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік секторының меңгерушісі қызметінде болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін “Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Қабылдау кестесі Ақсу қаласы Бауыржан-Момышұлы қөшесі 12 үй

сәрсенбі 10:00-ден 13:00-ге дейін
жұма     10:00-ден 17:00-ге дейін

Байланыс телефон 8(71837)6-99-43 50572, 50287 (факс)

Электрондық пошта: 4108605@mail.ru

Мемлекеттік органның қызметі

Бөлім қызметінің мәні өңірлік деңгейде ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу миссиясы болып табылады.

1) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлі инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарын қолайлы өмір жағдайларымен қамтамасыз ету;

2) қаланың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3) бәсекелестікке төтеп беретін ауылшаруашылық өнімдерін және оны қайта өндіру өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдайлар жасау;

4) Ақсу өңірінің аумағында аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

5) өңірлік деңгейде ауылшаруашылық өндірісті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру.

Бөлім Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамыту мәселелері бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарынасәйкес, агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін мемлекеттік қолдауды іске асырады;

3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді;

4) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны облыс әкімдігіне ұсынады;

5) өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы салаларында интенсивті технологияларды пайдалану мәселелері бойынша тәжірбиелік көмек көрсетеді;

6) ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бағаларының мониторингісін жүргізеді;

7) агроөнеркәсіптік кешен саласында бағалық, техникалық, несиелік, сақтандыру қызметі мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

8) елді мекендерде ауылшаруашылық малдарын ұстау мен мал жаюдың ережелерін әзірлеуге қатысады;

9) өсімдік шаруашылығы саласында шаруашылық ететін субъектілерді міндетті сақтандыруды ұйымдастыруға қатысады;

10) сақтандыру рыногының қатысушыларынан және агенттен өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратып алады және алады;

11) ауыл шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссиялардың және ауыл шаруашылығы жануарларын, жануар текті өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою) бойынша кәсіпорындардың жұмысына қатысады;

12) негізгі машиналар тұрағының және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған жабдықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы науқандарын іске асыру үшін жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектердің қажетті көлемінің қажеттілігін есептеуді жүргізеді және болжайды;

13) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша форумдар, мәжілістер және семинарлар ұйымдастырады және өткізеді.

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзіретіне жатқызылатын өзге де мәселелерді шешеді.

Бөлімге арттылған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде құқылы:

1) қаланың мемлекеттік органдарынан, ауылшаруашылық қалыптасулардан, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

2) семинарларға, мәжілістерге, “дөңгелек үстелдерге” қатысуға, сондай-ақ оларды өткізуге ғылыми мекемелердің, ұжымдардың өкілдерін, ғалымдарын және мамандарын шақыруға;

3) мемлекеттік органдардың, мұрағаттардың, ғылыми ұйымдардың және кітапханалардың “ақпаратттық мәліметтер банкілерін” пайдалануға;

4) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

5) бөлімнің міндеттері мен қызметтерінен шығатын мәселелер мен түйіндер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлауға және “дөңгелек үстелдер“ өткізуге;

6) Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, оларды қала әкімі және әкімдігінің қарауына ұсынуға құқығы бар.

 
 

2015-06-03 14:54:15

Сондай-ақ оқыңыз