Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі

Индексі: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы Астана, көшесі ,37 үй

ресмеи сайты: www.kultura.aksu.pavlodar.gov.kz

                                                                                                                                                                               

                                        

Солтанбаев 4

                           “Ақсу қаласыныңмәдениет және тілдерді дамыту бөлімі   

                                                 мемлекеттік мекемесі  басшысы 

 

              

                                                               Солтанбаев Ағертіс Зекибайұлы

                                          1977 жылғы 4 қаңтарда туған, бiлiмi жоғары,

                                     1999 жылы – Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясын 

                                     “Дизайн (Графикалық дизайн)” мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

 

 

       

       Еңбек жолын 1999 жылғы 30 тамыздан 2005 жылғы 10 қаңтарға дейін бейнелеу өнерінің мұғалімі болып жұмыс істеді,  “Егіндібұлақ орта жалпы білім беру мектебі” ММ, Егіндібұлақ а., Баянауыл ауданы, Павлодар облысы.

2001 жылғы 1 қазаннан бастап 2005 жылғы 10 қаңтар  аралығында лаборант, “Егіндібұлақ орта жалпы білім беру мектебі” ММ, Егіндібұлақ а., Баянауыл ауданы.

2008 жылғы 3 қаңтардан бастап  2012 жылғы 29 ақпан аралығында көрме залының меңгерушісі, “Екібастұз тарихи-өлкетану музейі” КМҚК, Екібастұз қаласы.

2012 жылғы 29 ақпаннан бастап  2013 жылғы 11 қырықкүйек аралығында бас маманның міндетін атқарушы, “Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ, Тереңкөл а., Качир ауданы.

2013 жылғы 11 қыркүйектен бастап 2013 жылғы 29 қазан аралығында  “Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ,  Тереңкөл а., Качир ауданы.

2013 жылғы 29 қазаннан бастап  2013 жылғы 20 қараша аралығында “Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ, Тереңкөл а., Качир ауданы.

2013 жылғы 20 қарашадан бастап 2017 жылғы 18 қаңтар аралығында “Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ басшысы, Тереңкөл ауылы.

2017 жылғы 30 қаңтардан бастап “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ басшысы, Ақсу қаласы.                                                                  

  Азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау кестесі және байланыс телефоны Ақсу қаласы Астана көшесі 37 үй

  Сейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-дейін
  Бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-дейін

   Байланыс телефондары8 (71837) 50990, 60649

  Электрондық пошта: kultura.91@mail.ru

   “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі

       “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған шеңберде қазақ ұлттық мәдениетін, басқа да ұлт мәдениеттерін жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату, басқа аймақтармен мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, тілдерді дамыту, ономастика саласында мемлекеттік саясатты қалалық деңгейде жүзеге асырады.

     Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:
   1) Тілдерді дамыту, мәдениет пен өнерді жаңғырту, сақтау, дамыту және жария етуге, тарихи-мәдени мұраны молайту және мәдениет өнімдері мен қызмет көрсетудің отандық нарығын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
   2) Халық шығармашылығы, көркемөнерпаздық және қолөнердің дамуына, фестивальдар, онкүндіктер, байқаулар, конкурстар, көрмелер мен басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
   3) Кітапхана ісін ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық қызметінің негізі ретінде дамытуға және сақтауға қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу;
   4) Көркем, тарихи және басқа да ұлттық құндылықтарды сақтау және пайдалану мәселелерінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
   5) Ақсу қаласының мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
   6) “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының Ақсу қаласындағы мемлекеттік органдарында орындалуының іске асуы мен үйлестірілуін қамтамасыз ету;
  7) Тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесіміділігіне бағытталаған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асыру;
  8) Тілдер саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша семинарлар, акцияларды ұйымдастыру, мемлекеттік және басқа ұлт тілдерінің қолдану саласын кеңейту бойынша кешенді бағдарламаларды жасау;
  9) Қалалық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз ету.

 


2015-06-03 14:34:29

Сондай-ақ оқыңыз