Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

“Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі

Индексі: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Стройтелей,  көшесі 14“б,” үй

ресмей сайты: www.bilimaksu.kz

“ Ақсу қаласы білім  бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысы

Қайрат Теміржанұлы Смағұлов

  Смагулов 11963 жылы туған, білімі жоғары Павлодар педагогикалық институты 1988  жылы бітірді , “орта мектептің физика және математика мұғалімі” мамандығын алды. 


           

 

 

 

 

 

 

Еңбек қызметін 1988 жылы Кенжекөл орта мектебінің физика және математика мұғалімі болып бастады. Осы  мектепте 1995 жылға дейін жұмыс істеді. 
 1995 жылдан бастап 1997 жылға дейін Павлодар ауданының Григорьевка негізгі орта мектеп директоры болып  істеді. 1997 жылы сәуір айында Ефремовка негізгі орта мектеп директоры болып ауыстырылды, осы мектепте  1999 жылғы желтоқсан айына дейін істеді. 1999 жылы “әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент” мамандығы бойынша сырттай оқу бойынша Павлодар қаласының мемлекеттік емес университетін бітірді. 
2000 жылғы 10 қаңтардан бастап 2003 жылға дейін Павлодар облысының білім беру департаментінде бас маман, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 
2003 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылға дейін Павлодар қаласының машина жасау колледжінің директоры болып істеді. 
2007 жылғы сәуір айынан бастап 2010 жылғы желтоқсанға дейін Павлодар ауданының білім беру бөлімінің бастығы болды. 
2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Павлодар ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы болып ауыстырылды. 
2011 жылғы 18 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу қаласының білім бөлімінің бастығы болып қызмет етеді.

«Ақсу қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды қабылдау кестесі. Ақсу қаласы Стройтелей,  көшесі 14“ б

Сәрсенбі: сағат 14 – 00-ден 17 – 00-ге дейін
Жұма: сағат 9 – 00-ден 12 – 00-ге дейін

«Ақсу қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  басшысының орынбасары азаматтарды қабылдау кестесі.

Сейсенбі: сағат 14 – 00-ден 17 – 00-ге дейін
Бейсенбі: сағат 9 – 00-ден 12 -00-ге дейін

Байланыс телефоны: 8 (71837)5-12-12

Электрондық пошта: aksu.oo@pavlodar.gov.kz

Ақпарат

Ақсу өңірінің білім беру жүйесінде 54 мекеме, соның ішінде 13 балабақша, жалпы білім беру мектептері жанында 23 шағын орталық, 34 жалпы білім беру мектебі, 3 қосымша білім беру мекемесі (Балалар өнер мектебі, Жас натуралистер станциясы, Балалар шығармашылығы үйі), Қара металлургия колледжі, Ж. Мұса атындағы колледж, Ақсу кентінің № 3 түзеу мектеп-интернаты жұмыс істейді.

Ұйымның жалпы санынан 50-і Ақсу қаласы әкімдігінің құзыретінде және аудан бюджеті есебінен қаржыландырылады, 4 - білім беру басқармасының қарамағында (облыстық бюджет).

Ақсу қаласының білім  бөлімі қызметінің мәні Ақсу өңірінің аумағында білім саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру болып табылады. 
Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:
— білім мекемелерінің қызметін үйлестіру, оларға оқу-тәрбие үрдісінде әдістемелік көмек көрсету;
— Ақсу өңірінің аумағында білім беруді дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және орындау. 
— азаматтардың міндетті орта білім алуға құқықтарының конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.


2015-06-03 14:27:05

Сондай-ақ оқыңыз