Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индексі: 140100 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкина көшесі , 72 үй

 

«Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы  

Сарсенов Ерик Сагимбекович

Сарсенов

 

 

 

 

 

 

1958 жылы туылған, жоғары білімі бар.

Бөлім басшысының міндеттерді

3.1. Кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне қатысты аумақта үй-жай (пәтер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3.2. тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, шығыстардың сметасын келісу;

3.3. тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуын жалпы бақылауды жүзеге асыру;

3.4. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

3.5. тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау;

3.6. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру;

3.7. кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

3.8. анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

3.9. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау жөнінде бақылау-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;

3.10. Бөлім жұмысын ұйымдастырады, оның қызметінің басшылығын іске асырады;

3.11. Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді, тиісті атқаруды және жұмыс тәртібін қамтамасыз етеді;

3.12. Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;

3.13. Заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді мадақтау, Бөлім қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза салу мәселелерін шешеді;

3.14. Өз құзіреті шегінде актілер шығарады және тапсырмалар береді;

3.15.  Бөлімнің мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұсынады;

3.16. Бөлімде тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін іске асырады;

3.17.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қаралған өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды іске асырады.

 

 

Қабылдау кестесі:

Дүйсенбі, жұма аралығында сағат  9.00 – 18.30 дейін, 13.00–14.30 дейін түскі үзіліс.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 6-99-14

 

 

 

 

 

 


2019-07-09 11:08:39

Сондай-ақ оқыңыз