Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

“Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі

 Индексі: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Вокзал көшесі, 16 үй

ресми сайты:  http://vetotdel.aksu.pavlodar.gov.kz

                                                  

   "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі"

мемлекеттік мекемесі

  Бөлім басшысының міндеттерді

3.1. облыстың жергiлiктi атқарушы органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

3.2. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3.3. ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

3.4. мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3.5. ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

3.6. жануарлар өсіруді, жануәрларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, ќайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

3.7. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

3.8. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

3.9. өңір аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

3.10. өңір аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

3.11. мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;

3.12. жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3.13. эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

3.14. эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

3.15. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринарлық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

экспортты (импортын) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

3.16. мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

3.17. жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

3.18. қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

3.19. өкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

3.20. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

3.21. ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар, қаланың, астананың, қаланың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

3.22. ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

3.23. облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасы бойынша ветеринарлық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

3.24. облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

3.25. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

3.26. облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

3.27. ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

3.28. Қазақстан Республикасының “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

3.29. қаланың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне бақылау жүргізеді;

3.30. бірыңғай автоматтандырылған дерекқор базасымен жұмыс
(«е-қызмет» ақпараттық жүйесімен);

3.31. мемлекеттік қызметшілерге қойылған моральдық-этикалық келбетінің негізгі талаптарын, сондай-ақ олардың базалық стандарттарын сақтау;

3.32. ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;

3.33. жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау өткізеді;

3.34. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де қызметтерді өкілеттігі шегінде жүзеге асырады.

 

байланыс деректері:8 (71837) 3–32–22, 3–31–41,

Е-mail:  vetotdelaksu@mail.ru 

 


2015-06-03 12:44:14

Сондай-ақ оқыңыз