Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба сүреті бар өнімдерді және Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру туралы.

2018.16.11. № 26-11-7-14.1-11/____   

хатқа қосымша

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба сүреті бар өнімдерді және Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру туралы

  «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер бойынша заңнамасына 2012 - 2015 жылдары өзгерістер мен қосымшалар енгізілгеніне байланысты, нормативтік-құқықтық актілерге және ұлттық стандарттарға сәйкес пайдаланған мемлекеттік рәміздерді келтіру қажеттілігіне Сіздің назарыңызды аударады. 

  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» (бұдан әрі - ҚР СТ 989-2014) Ұлттық стандарты іске қосылғанына байланысты,  Мемлекеттік рәміздер бойынша мемлекеттік комиссиясымен келісіп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бұрын шығарылған Мемлекеттік Елтаңбаларды кезең-кезеңмен ауыстыру мақсатында жаңа стандартты енгізу үшін келесі үлгі бекітілді:

  Біріншіден, ҚР СТ 989-2014 2016 жылғы 1 қаңтардан іске қосылғаны өндірушілерге жаңа стандартқа сәйкес өндірісті бейімдеуге уақыт береді.

  Екіншіден, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларына қатысты ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» Ұлттық стандарттың қолданылу мерзімі 2017 жылғы 1 шілдесіне дейін белгіленген, ол ескі үлгілі Мемлекеттік Елтаңбаларды кезең-кезеңмен ауыстыруға мүмкіндік береді.  

  Қазіргі уақытта ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандарттың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылғанына байланысты барлық мемлекеттік ұйымдарға 2017 жылғы  1 шілдесіне дейін міндетті түрде келесі жұмыстарды өткізу керек:

 - мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында, басшылардың кабинеттерінде, мәжіліс залдарында Мемлекеттік Елтаңбаларды ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартқа сәйкес келтіру,

- елтаңбалы мөрлерді ауыстыру,

- ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартқа сәйкес Мемлекеттік Елтаңба сүреті бар мекемелердің бланкілерін және басқа өнімдерді ауыстыру,

- мемлекеттік рәміздер стендтер мен экспозицияларды жаңарту,

- веб-сайттардағы елтаңбаның ескі сүретін ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартқа сәйкес Мемлекеттік Елтаңба сүретіне айырбастау,

-  мемлекеттік органдардың маңдайшаларында ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартқа сәйкес Мемлекеттік Елтаңбаны орналастыру.

 

 

2016 ж 08.12.

 


2016-12-08 11:56:49

Сондай-ақ оқыңыз