Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ҚЫЗЫЛЖАР СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ.

Қызылжар селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрамында 5 ауылдық елді мекен бар: Қызылжар, Барынтал  ауылымен, Сарышығанақ,  Жаңашаруа  және  Суаткөл  ауылдарымен, селолық округте барлығы 3491 адам тұрады.

Селолық округте 14 мемлекеттік ұйымдар, 57 кәсіпкерлік субъектілері бар. Селолық округтің әлеуметтік саласын Қызылжар және Сарышығанақ ауылдарындағы 2 мектеп,  Суаткөл шағын ауылындағы  бастауыш мектептер құрайды. 2 мәдени-сауық орталығы, 2 ауыл кітапханасы, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункті, 2 шағын орталық, әкімдік, Қызылжар және Сарышығанақ ауылдарындағы 2 мешіт, 2 почта байланыс торабы, өрт сөндіру посты, полиция участогы және АТС бар.

Округте 16 жеке кәсіпкер, 38 шаруа қожалығы, 2 ЖШС жұмыс істейді. Биыл екі СПК құрылды.

2017 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін нақты жұмыстар атқарылды. ЖШ «Аралов» жылқы өсіруге 14,4 млн.теңге және Абильдинов Ж.К. мал шаршашылығын дамыту үшін  несие алды.

ТОО «Ай-Су Мелиорация» фирмасы Қызылжар ауылының тұрғындарына 26 км ұзындығымен су өткізді.

Қызылжар ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда.

ТОО «Ай-Су Мелиорация» фирмасының демеушілігімен Қызылжар ауылының Гагарин көшесі және кіре-беріс  жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Осы жылы аз қамтылған 54 отбасы тегін көмірмен қамтамасыз етілді. Қызылжар және Сарышығанақ ауылының жеке шаруашылқатары 8 тонна шөпті әр 4 отбасыға тегін берумен қайырымдылық көмек көрсетті.

Қызылжар селолық округінде қоғамдық саяси жағдай тұрақты. 


2018-01-03 12:15:57

Сондай-ақ оқыңыз